Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.06.2015

МӘЖІЛІСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ БЕРДІ


МӘЖІЛІСТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ БЕРДІ

 

Астана, 26 маусым.Мәжіліс Үйі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде  Палата Төрағасының  орынбасары  Сергей Дьяченконың қатысуымен Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді.

Аппарат Басшысы Үсен Жетенов :

«23 маусым Мемлекеттік қызметкер күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген болатын.»,- деп бастап Отанымыз бен халқымыздың игілігіне қызмет ете берулеріне тілектестік білдіріп, Аппарат қызметкерлерін құттықтады.  

С.Дьяченко сөзінде Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына жасаған «Қазақстан -2030» Жолдауында ұзақ жылғы басымдықтардың бірі ретінде Қазақстан тиімді және заманға сай мемлекеттік қызмет корпусын құруды айтқанын ескертті. Сонымен қатар дамыған 30 ел қатарына ену «100 нақты қадам» жоспарында Елбасы ең алдымен кәсіби білікті мемлекеттік Аппарат құруға назар аударғанын атап өтті. «Сол үшін бүгінгі білікті мемлекеттік қызметкер:«халық пен мемлекетке қызмет ету – бәрінен жоғары» деген принцип ұстанып, мемлекеттік қызметтің беделін көтеру жолында еңбектену керек»,- деп, атаулы мерекелерімен Аппарат қызметкерлерін құттықтады.

Осы жиында  Аппарат қызметкерлері А. Егінбаева мен С.Өмірзақов «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды. Бірқатар мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының Алғыс хатын иеленсе, енді бірқатары Аппарат Басшысының жазбаша алғысын алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы               29 желтоқсандағы № 319 Жарлығына сәйкес Мәжіліс Аппаратының  мемлекеттік әкімшілік қызметіне тағайындалған бір топ қызметшілері салтанатты түрде ант берді.

 

 

Жиынға бөлім меңгерушілері мен Аппараттың бөлім қызметшілері қатысты.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі