Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.06.2015

ҚАЗАҚСТАН-ЕО: СЕРІКТЕСТІК БОЛАШАҒЫ


ҚАЗАҚСТАН-ЕО: СЕРІКТЕСТІК БОЛАШАҒЫ

 

Астана, 29 маусым. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропалық Одақтың  Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен кездесті.

Комитет төрағасы мейманды жоғары жауапкершілікті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады. «Еуропалық Одақтың  Орталық Азия бойынша арнайы өкілі қызметінің қайтадан қалпына келтірілуі Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі жандануына жол ашатынын болады»,- деген сенім білдірді.

Еуропалық Одақ Қазақстанның маңызды серіктесі екендігін атап өткен Мәулен Әшімбаев, алдағы ынтымақтастық байланыстардың өркендей түсу мүмкіндіктерінің жоғарылығына тоқталды. Тараптар серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерілгенінің жарқын көрінісі – еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енгені болганын атап өтті.

Келешек өзара байланыстар визалық ынтымақтастық және де ғылым мен жоғары технология бағытында болатынына мүдделік танытылып секторалдық  келісімдер жасалған. Еуроодақ еліміздің ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Қазақстанда 6 мың еуропалық компания табысты жұмыс жасап жатыр. Біздің экономикамыздағы индустриализацияның екінші деңгейіне еуропалық компаниялардың  қатысуы үшін ыңғайлы жағдайлар ұсынылатын болады. 2014 жылдың шілдесінде шетелдік инвесторлар үшін қосымша ынталандыру пакеттері қабылданған.

Үстіміздегі жылдың желтоқсанында Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының 162-ші толыққанды мүшесі болады.

Еуропалық Одақтың  Орталық Азия бойынша арнайы өкілі қызметіне кіріскен Петер Буриан Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жолындағы барлық мүмкіндіктерді жіберіп алмайтынын жеткізді.

Қарым-қатынастардың аймақаралық және жеке деңгейін көтеру бағдарламаларына 1 миллиард 62 миллион қаржы бөлініп отырғанын мәлімдеді. Инвесторлардың жұмысын өркендетуге, аймақтардың қауіпсіздігі үшін атқарылып жатқан шараларды айтты. 115 миллион еуро қосымша студенттер мен профессорлар алмасу бағдарламасына бөлінетінін хабарлады.

Тараптар парламентаралық байланыстарды да дамытуға ниетті екендіктерін білдірді.

 

 

 

 (Сәуле Досжанова. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі