Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
15.07.2015

Қ. ЖАҚЫПОВ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІН АТАП ӨТТІ.


Қ. ЖАҚЫПОВ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІН АТАП ӨТТІ.

 

Астана, 15 маусым. Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қабиболла Жақыпов парламентшілердің басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту жұмыстарына тоқталды.  

Төртінші сессия барысында ратификацияланған құжаттар қатарында Қ. Жақыпов «Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға ерекше тоқталды.  

- Депутаттар Елбасы бастамашы болған интеграцияның экономикалық моделін толықтай қолдайды. Еуразиялық одақты Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіре отырып саясиландыруға жол беруге болмайды деп санаймыз. Осы шартты іске асыру барысы Қазақстанның экономика саласында ғана емес, басқа салаларда да мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын сын тезіне салады – деді Мәжіліс Төрағасы.

 Қ. Жақыповтың айтуынша, депутаттар, халықаралық келісімдерде де әрқашанда, еліміздің Ата Заңының үстемдігін қорғауға тиіс.

- Мемлекетіміз тек ЕАЭО шеңберінде ғана емес, әлемдік деңгейде сауда-экономикалық қатынасты дамытуда. Мәселен, 22-маусымда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі туралы келіссөздер аяқталды,-деді Мәжіліс Спикері.

Осы жерде 2017-2018 жылдарға БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне   Қазақстанның кандидатурасын жылжыту мәселесін де атап өтуге болады. 

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Парламент қабылдаған бітімгершілік қызметке және дамуға ресми көмек туралы, сонымен қатар, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдардың маңыздылығына тоқталды.

      

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі