Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.07.2015

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА НАЗАР АУДАРУДА


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫНА НАЗАР АУДАРУДА

 

Астана, 22 шілде, Мәжіліс Үйі.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Г.Иксанова мен Г.Исимбаева «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасы бойынша Алматы қаласында іс сапарда жүр.

Олар ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды жүзеге асыру және әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынын бөлінген қаржының үлестірілуі мен мақсатты пайдаланылуына назар аударуда.

Халық қалаулылары Алматы қаласы құрылыс, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармалары басшыларымен бірге  Түрксіб ауданындағы «Жас Қанат» тұрғын үй кешені, Алатау ауданындағы «Саялы» тұрғын үй кешені мен ТМ-4А, ТМ-7, ТМ-13 жылу магистральдарының және №26, №157 орта мектепке жалғастырыла салынған құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, нысандардың талапқа сай болуын бақылау үшін комиссиялы түрде аралау жұмысын жүргізді.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі