Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.07.2015

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: КЕЛЕШЕКТІҢ МӘСЕЛЕСІ


ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: КЕЛЕШЕКТІҢ МӘСЕЛЕСІ

 

Астана, 24 шілде, Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» ҚДП фракция мүшесі Нұрлан Жазылбеков жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр.

 

Мәжілісмен аймақтың бірқатар білім беру мекемелерінде, оның ішінде медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды.

Н.Жазылбеков ғылым мен инжинерингтің болашаққа жасалған 19 инновациялық орталығымен танысты. Халық қалаулысына осы жерде, шағын өндіріс базасында  «Қазақстанда жасалған» деген төлтаңбасымен өнімдер шығарып жатқанын мәлім етті.

Н.Жазылбеков құқыққорғау органдарының (ІІБ, ҰҚК, ІІМ Академиясы) өкілдерімен болған жүздесуде бес институтционалдық реформа, Парламентте қаралып жатқан заң жобаларындағы жаңалықтар жайында әңгімелеп берді.

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Қарағандыдағы тарихи өлкетану мұражайына да барды.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі