Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
06.10.2015

Қ. ЖАҚЫПОВ: ЕАЭО ПЕН ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ 21 ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ФАКТОРЫ


Қ. ЖАҚЫПОВ: ЕАЭО ПЕН ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІ 21 ҒАСЫРДАҒЫ ҒАЛАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ФАКТОРЫ 

 

 

Астана, 6 қазан, Мәжіліс үйі.  Астанада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының бастамасымен ұйымдастырылған «Еуразиялық Экономикалық перспектива» халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Форумды Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ашып, еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамытудың басым бағыттарына тоқталды. Осы ретте Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында халықаралық ынтымақтастықты жаңа белеске көтеретін, көптеген елдер үшін маңызды интгерациялық жобаларды ұсынғанын айта келіп, олардың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде:

-Бүгін осы форумда біз еуразиялық экономикалық интеграцияның перспективаларын талқылай отырып, ең алдымен көрнекті саясаткерлер негізін қалаған одақтың мақсаттары мен ұстанымдарын басты назарға алуға тиіспіз, -деп атап өтті Қабиболла Жақыпов.

Мәжіліс Спикері ЕАЭО жаңа әлемдік экономикалық құрылыстың негізгі бөлігін құрайтын барлық мүмкіндіктерге ие ауқымды жобаға айналатынына сенім білдірді.

Осы ретте Қабиболла Жақыпов ЕАЭО пен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» қытайлық бастаманың түйіскен тұсына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Жібек жолы аймағының экономикасын қайта түлету бұл – Еуразияны тұтастай дамыту жоспары.

-Бұл жобаға еуразиялық кеңістіктегі 60 тан астам елдердің қатысуы төрт миллиардтан жоғары халықты қамтуға жол ашып, көптеген елдердің экономикалық белсенділігін арттырып, жер шарының айтарлықтай бөлігінде өзара тиімді және  теңдестерілген экономикалық  ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді деп болжануда. Шын мәнінде бұл Жібек жолы аймағында орналасқандар үшін экономикалық өрлеудің жаңа идеологиясы-деді, Мәжіліс Спикері.

Форум жұмысына Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы С. Нарышкин, Тәжікстан Ол Мәжілісі намояндагон Мәжілісі төрағасы Ш. Зухуров, сондай-ақ, Беларусь, Қытай, Қырғызстан делегациялары, жетекші университеттердің ректорлары, саясаткерлер қатысуда.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі