Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.10.2015

МӘЖІЛІС ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ


 

 

 

МӘЖІЛІС ҰЛТ ЖОСПАРЫН  ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 

Астана. 7-қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжілісте жалпы отырыс өтіп, Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасының Ұлт Жоспарын заңнамалық қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасына сәйкес атқарылған ауқымды жұмыстың алғашқы кезеңін қорытындылады.

 Палата Төрағасы Мәжілістің алты аптаның ішінде 55 заң жобасын қарап, мақұлдағанын 534 жұмыс топтарының, 22 бас комитеттердің кеңейтілген отырыстары өткенін айтты. Спикердің баса атап өткеніндей, Палатаның  20 жылдық тарихында болмаған бұл теңдессіз еңбек депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің жоғары жауапкершілігі мен жұмыла жұмыс істеуінің нәтижесі.

-Мәжіліс қабырғасында барлық заң жобасына мазмұнын сапалы түрде жақсарту мақсатындағы түзетулер енгізілді. Тек заңдық, құқықтық коллизияны жоюға қатысты түзетулер емес, мәселенің нақты шешімін көздеген нормалар мен түбегейлі өзгерістер көзделіп, депутаттар барлығы 11 мыңнан астам түзету енгізді,-деді.

Депутаттардың 1700-ден астам түзетулері Үкіметке жолданып, оның 62 пайызы, яғни мыңнан астамы қолдау тапқандығын алға тартқан Мәжіліс Төрағасы жедел заң жобаларын қабылдау жолындағы жұмыс әсіресе, халық қалаулылары мен Үкімет мүшелерінің бірлесе еңбек етуінің үлгісін көрсеткеніне көңіл бөлді.

-біз Елбасының Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз етуге байланысты тапсырмасының алғашқы кезеңін орындадық. Алдағы уақытта да бес президенттік реформаларды табысты жүзеге асыру жолында бар күш-жігерімізді жұмылдырамыз,-деді.

Ал бүгін екінші оқылымда қабылданған құжаттар қатарында  ілеспе жобалармен органикалық өнім өндіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызметке  қатысты, сондай-ақ,  еңбек кодексінің жобасы, мемлекеттік қызмет, ақпараттандыру туралы туралы заң жобалары бар.

Сондай-ақ,  депутаттар мемлекеттік қызметтер көрсету, салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу, индустриялық-инновациялық саясат, білім беру, екінші деңгейдегі  банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады.

Осы күні Мәжіліс Сербиямен инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға бағытталған заң жобасын мақұлдады.

Осы күні Мәжіліс Төрағасы депутаттық корпусқа «Нұр Отан» партиясының атынан бос орынға келген депутат Әлия Қайратқызы Ғалымованы таныстырды.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі