Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
07.10.2015

МӘЖІЛІС- БУНДЕСТАГ: ПАРЛАМЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ


МӘЖІЛІС- БУНДЕСТАГ: ПАРЛАМЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ

 

Астана, 7 қазан, Мәжіліс Үйі.

Бүгін, Парламентте Мәжіліс депутаттары Егор Каппель, Мұрат Ахмадиев және Зухра Саяпова ГФР Бундестагының депутаттарымен кездесті.

Германия делегациясы құрамында – депутаттар Филип Ленгcфельд, Штефан Майер, Хайнрих Цертик, Карин Штренц, сонымен бірге көші-қон және аз ұлттар  мәселелері бойынша Федералдық Үкіметтің Өкілі Хартмут Кошик пен Қазақстандағы ГФР Елшілігінің сенімді өкілі Джонни Крамер болды.

Неміс парламентшілері Астанаға Қазақстанда тұрып жатқан этникалық немістердің қазақстан-германия үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысуға келген.

Мәжіліс депутаты Егор Каппель әріптестерін жақында өткен Герман бірлігі күнімен және алдағы ГФР ЕҚЫҰ-ға төрағалығымен құттықтады.

Тараптар парламентаралық байланыстардың ұлғайғандығын, депутаттық достық топтары шеңберінің қарқынды өсіп келе жатқанына тоқталды.

Жүздесуге қатысушылар осындай кездесулер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, парламентаралық дипломатияның рөлін көтеретінін атап өтті.

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі