Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.10.2015

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

 

Астана, 9-қазан, Мәжіліс үйі.   Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Халық қалаулылары назарына бірқатар ратификациялық заң жобалары ұсынылып отыр. Олар: 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялау. Осы хаттамаға сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құралдарды жеңілдікпен жеткізу тетігі жасалады.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Латвиямен адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді, сондай-ақ, Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және оны іске асыру хаттамасын ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды. 

 

(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі