Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.11.2015

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ


 

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

 

 

Астана, 25 қараша.  Мәжіліс Үйі.

 

Ертең, 26 қарашада Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасындағы жайылымдық жерлерді тиімді басқару мен пайдалану туралы»  тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.

 

сағат 11.00-де Конференц - залда 

 

Баяндамашы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов пен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Смағұловтың сөз сөйлеуі күтілуде.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі