Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
26.11.2015

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ҰҚШҰ ПА ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ҚАБИБОЛЛА ЖАҚЫПОВ САНКТ-ПЕТЕРБОРДА ҰҚШҰ ПА ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Астана, 26 қараша, Мәжіліс үйі.  Санкт-Петерборда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының кеңесі өтіп, оған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов қатысты.  

Күн тәртібіндегі сұрақтардың бірі – ҰҚШҰ ПА делегациясының электоралды науқанға байқау жүргізу мәселесіне қатысты болды.

Кеңес отырысын ашқан Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері, ҰҚШҰ ПА төрағасы Сергей Нарышкин элкторалды үдерістердің демократиялық прнициптері ұлттық, сондай-ақ, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін атап өтті.  

С. Нарышкин өз сөзінде, парламент өкілдерінің соңғы кездесулерінен кейін Қазақстан және Беларусь мемлекеттері басшыларының  сайлауы, сондай-ақ Қырғызстанда Парламент сайлауы сынды бірқатар айтулы қоғамдық-саяси оқиғалардың болғанын еске салды. 

Сондай-ақ, ҰҚШҰ ПА Кеңесі мүшелерінің атынан аталған қос мемлекеттің басшыларына президенттікке сайлануларына байланысты құттықтау жолдады.  

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҰҚШҰ ПА атынан Қазақстан Президентінің сайлауын байқауға бағытталған миссия үшін өз ризашылығын білдіре келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын сайлаушылардың 97% қолдағанын, егемен Қазақстанның тарихында сайлаушылардың  азаматтық ұстанымы, электоралдық белсенділіктері, елдің болашағына деген саяси елгезектігі алғаш рет осындай жоғары көрсеткішке жеткенін атап өтті.

Жиын барысында алдағы ҰҚШҰ ПА 8-пленарлық отырысының күн тәртібі талқыланды.  

 

 

 (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі