Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.11.2015

Қ. Жақыпов: ТМД - көптармақты ынтымақтастықтың маңызды саяси алаңы


Қ. Жақыпов: ТМД - көптармақты ынтымақтастықтың маңызды саяси алаңы

 

Астана, 27 қараша, Мәжіліс үйі. Санкт – Петерборда ТМД ПАА 43- пленарлық отырысы және Кеңес отырысы өтіп, оған Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған Мәжіліс делегациясы қатысты.  

ТМД ПАА Кеңесі отырысының күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі – Қазақстанның 2015-жылғы ТМД-ға төрағалығына қатысты болды.

Мәжіліс Спикері біздің еліміздің төрағалығы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Тұғырнама негізінде жүзеге асырылғанын атап өтті.

- Тұғырнама мұрагерлік принципіне негізделіп, осыған дейін қабылданған халықаралық келісімдер мен шешімдерді дәйекті жүзеге асыруға бағытталды,-деді Қ. Жақыпов.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қазақстан төрағалығында Достастық шеңберінде өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға, сондай-ақ ТМД кеңістігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауға бағытталған бастамаларға ықпал етуге басымдық берілді.  

Қ. Жақыповтың атап өткеніндей, Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру төрағалықтың маңызды міндеттерінің бірі болды. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы:  

-Қазақстанның бастамасы бойынша ТМД елдері басшыларынан БҰҰ 70 жылдығына байланысты және халықаралық лаңкестікке қарсы күрес туралы мәлімдемелер қабылданды. ТМД қатысушы-мемлекеттер бейбітшілікті қамтамасыз ету мен қауіпсіздік бағытында БҰҰ рөлі айрықша екенін білдіріп, сонымен бірге, барлық мүдделі мемлекеттер және халықаралық ұйымдармен лаңкестікке қарсы күресте сындарлы іс-қимылға дайын екендіктерін көрсетті,-деді.  

Қабиболла Жақыпов сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның төрағалығы барысында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары одан әрі нығая түскеніне, ТМД-ның көпқырлы ынтымақтастықтың маңызды саяси алаңы екені тағы бір мәрте дәлелденгеніне тоқталды.   

ТМД ПАА 43-пленарлық отырысы көші-қон, кәсіпкерлік және жергілікті өзін-өзі басқару сынды салаларды қамти отырып, модельдік заңнамаларға қатысты ауқымды мәселелерді талқыға салды. 

               

(74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспаөсз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі