Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.12.2015

МӘЖІЛІС ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ


 

МӘЖІЛІС ЖОЛ ЖҮРІСІНЕ ТҮЗЕТУЛЕРДІ МАҚҰЛДАДЫ

 

Астана. 9-желтоқсан, Мәжіліс үйі. Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс қоғамда қызу талқыға түскен «Жол жүрісі туралы» заң жобасына түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Мәжіліс депутаттары дайындаған құжат бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті өкілдерінің атап өткеніндей, бұл заң 2014 жылғы қазанда күшіне енді. Онда ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, жолаушылардың көлік құралынан қызметкердің рұқсатынсыз шығуына тыйым салынған болатын. Енді аталған тыйым салуды алып тастау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, заң жобасында жүргізушілердің тиісті жол белгілерімен және нұсқаулықтарымен белгіленген, тоқтау үшін арнайы бөлінген орындардан басқа, елді мекендердің жолдары мен көшелерінде тоқтауына тыйым салатын норма, тиісті инфрақұрылымның жоқтығына байланысты алынып тасталынады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта цифрлар не болмаса цифрлар мен әріптер  белгілі бір түрде үйлестірілген мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бергені үшін мемлекеттік бажды  ұлғайту ұсынылады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптармен тіркелген болса, ресімделетін айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы  ресімдеу, оны орындау мерзімінің ескіруі, ерікті түрде орындау мерзімдерін айқындауға қатысты түзетулер енгізілді.

Жалпы отырыста  тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қолдауға ие болды. Заң жобасы тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелерді реттеуді көздейді, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне техникалық реттеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, сондай-ақ гигиеналық нормативтер саласындағы қайталанған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты қатаңдату көзделеді. «Электр энергетикасы туралы» Заңда берешекті төлемегені үшін тұтынушыға жылу және электр энергиясының біреуін беруді тоқтату кезінде олардың ара-жігін ажырату ұсынылады;

Бүгін Мәжіліс Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялады.

Келісімге сәйкес Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі біздің елімізге Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жобаны қаржыландыруға 100 миллион АҚШ доллары сомасында қарыз береді. Қарызды өтеу мерзімі – 5 жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда,19 жыл. Төленуге тиіс біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25 %-ын құрайды.

Осы күні халық қалаулылары ілеспе құжатпен «Пошта туралы» заң жобасын, сондай-ақ, теміржол жолаушылар көлігі,  мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне қатысты түзетулер бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындап, ілеспе құжатпен «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заң жобасына, сонымен бірге, «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша түзетулерге байланысты жұмысты жалғастыру жөнінде қаулы қабылдады.

Сондай-ақ, бірқатар ратификациялық құжаттар жұмысқа қабылданды. Олар: Үндістанмен  сотталған адамдарды беру туралыҚазақстанмен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімдерді, сонымен қатар, Чехиямен Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға және  1999 жылғы 18 қарашадағы Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаларды ратификациялауға қатысты болып отыр.

 

Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі