Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.12.2015

МӘЖІЛІС АЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТА ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ


МӘЖІЛІС АЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТА ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

  

Астана. 18-желтоқсан. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. 

Халық қалаулылары назарына рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, осы күні Мәжілісте 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Қырғызстанмен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерісті енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы және білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялауға қатысты заң жобалары талқыланбақ.

Жалпы отырыста депутаттар бірқатар ратификациялық құжаттар бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ. Олар: Ресеймен 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын сондай-ақ, Қазақстан аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шарттарға өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаларды, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің (объектілері мен ұрыс алаңдары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы және Сары-Шаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімдерге түзетулерге қатысты хаттамаларға байланысты болып отыр.  

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

         

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі