Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.01.2016

МӘЖІЛІСТІҢ ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТІП, АЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ


 

 

МӘЖІЛІСТІҢ ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ БЮРО ОТЫРЫСЫ ӨТІП, АЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ

 

 Астана. 8-қаңтар. Мәжіліс үйі. Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен Мәжілістің жаңа жылдағы алғашқы Бюро отырысында бекітіліген күн тәртібіне сәйкес, алдағы жалпы отырыста бірқатар халықаралық құжаттар депутаттар талқысына ұсынылмақ. Олар:  Чехиямен Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, сонымен қатар,  Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялауға қатысты болмақ.  

Сондай-ақ, осы күні Қазақстанмен энергия тиімділігін арттыру бағдарламаларына және жастар корпусын дамытуға арналған бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы грант туралы (Жастар корпусын дамыту жобасы) келісімді ратификацияланады деп күтілуде.

Жобаның мақсаты жастардың, әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қоғамдастық өміріне тартылуын ынталандыру, сондай-ақ қоғамдастықтың игілігі жолындағы қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламалары арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту болып табылады.

Жалпы отырыста ілеспе құжаттармен төлемдер және төлем жүйелері, коллекторлық қызмет, халықты жұмыспен қамту туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

Осы күні Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Молдова үкіметтері арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді және оны іске асыру бойынша атқару хаттамасын, сонымен бірге, Қырғыз Республикасымен өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметералық келісімді, 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және қордың қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ, бір тараптан ЕАЭО пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді, Қазақстан мен Словак арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдамақ.

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі