Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.02.2016

МӘЖІЛІС: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭТИКА КОДЕКСІ: АППАРАТ ОҚУЫ


МӘЖІЛІС: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЭТИКА КОДЕКСІ: АППАРАТ ОҚУЫ

 

Астана, 5 ақпан. Мәжіліс Үйі.

 

Парламент Мәжілісінің қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметкерлеріне  арналған Этика кодексі»,- деген тақырыпта  Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Майра Рақымжанованың жетекшілігінде аппараттық оқу өтті. Онда ҚР Президенті жанындағы Басқару академиясының «Әлеуметтік саясат» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы Лейла Асылбекова баяндама жасады.

Жаңа жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлерге арналған Этика кодексі қолданысқа енгізілгенін атап өткен профессор:
 «Мемлекеттік қызметкерлер өз жұмысында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатына берілгендік танытып, жүзеге асыруға тиісті,- деп сөз бастады.

Этика кодексін қабылдау –  кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік қызметке арналған этика нормалар жүйесін жетілдіру.

Мемлекеттік  қызметке алғаш орналасатындардың кәсіби қызметі төменгі лауазымнан басталады. Бұл дегеніміз, біздің еліміздің мемлекеттік қызметтің мансаптық моделге көшкенін көрсетеді,-деді  Мұндай модель Германия мен Сингапурда көптен бері бар.

 Кодекс қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынасты жоғары деңгейде қалыптастыруға және мемлекеттік қызметкерлерге этикаға жат қылықтарды ескертуге бағытталған. Кодекстегі мәлімет бойынша мемлекеттік қызметкерлер өз шешімдерін қабылдағанда заңдылық пен әділеттілікті ұстанып, өздерінің кәсіби біліктілігін арттырып, қызметтік тәртіпті мүлтіксіз  орындап, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырудың тұрақты шараларын жасап, жұртшылықтың мемлекеттік қызметке сұранысы мен талабына орай қызмет жасауы тиіс.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Суретті түсірген  Сайлау Майлыбаев. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі