Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.04.2016

МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫ: КҮН ТӘРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ

 

Астана. 22-сәуір. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Онда 2006 жылғы 15 тамыздағы Ресей мен Қазақстан аумағында орналасқан қос мемлекеттің темір жол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы үкіметаралық келісімдерге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыға салынбақ.

2012 жылы Павлодарда жасалған хаттама арқылы бұрынғы келісімге жүктерді тасымалдау кезінде келісілген тарифтік саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуді екіұдай түсінуге жол бермейтін өзгерістер енгізілмек.  

Сонымен қатар жалпы отырыста Мәжіліс Сауд Арабиясы Корольдігімен  табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық конвенцияны және оған Хаттаманы, сонымен қатар, Ресеймен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заң жобалары жұмысқа қабылданады деп күтілуде.

Бюро отырысында  алтыншы сайланған Парламент Мәжілісі мен шетел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топтардың құрамы және Палата делегацияларының халықаралық парламенттік ұйымдар мен парламентаралық бірлестіктердегі құрамы мәселелері де назардан тыс қалмады.

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. Қр Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 

 

 

 

 

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

         

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі