Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.04.2016

ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ


 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

 

Астана. 27-сәуір. Мәжіліс үйі. Ертең, яғни, 28 сәуірде  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінде көшпелі отырысы өтеді (Қабанбай батыр даңғылы, 32/1   «Транспорттауэр» ғимараты, 7 қабат, 704 кабинет).

Онда Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етудің негізгі бағыты ретінде тиімді көлік-логистика инфрақұрылымын құру мәселесі әңгіме өзегіне айналады.

Тіркеуден өту үшін 75 -41-64, 75-41-65 телефондарына хабарласуға немесе mir.gov.kz@gmail.com мекен-жайына жолдауыңызға болады (жеке куәлігіңіздің нөмірі, техникаңыздың сериялық нөмірін қоса жолдау міндетті).

  Өту уақыты 27-сәуір, 18:00 дейін.

 

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі