Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.04.2016

Қазақстан Президентінің «Әлем.XXI ғасыр» манифесін халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі әлемдік парламентшілердің ауқымды конференциясына қатысушылар қолдайды


Қазақстан Президентінің «Әлем.XXI ғасыр» манифесін халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі әлемдік парламентшілердің ауқымды конференциясына қатысушылар қолдайды

 

Астана, 27 сәуір. Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Құралай Қаракен халықтың қоныстануы және дамуына бағытталған ауқымды конференция жұмысына қатысты.

Исэ-Симада (Жапония) өтетін үлкен жетілік – 2016 Саммитінің құрметіне арналған маңызды форум 26-27 сәуір аралығында Токиода өтті.  

Пленарлық отырыста «Тұрақты даму мақсаттары дәуіріндегі ауқымды ынтымақтастықта парламент өкілдері мен парламенттік желілердің рөлі» тақырыбында сөз алған қазақстандық делегация басшысы Г.Исимбаева шараға қатысушыларды Қазақстан Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының басымдықтарымен, сонымен қатар, ядролық қарусыздану және таратпау жолында біздің еліміздің қосып жатқан үлесіне тоқталды.

 Манифестің мәтіні конференцияға қатысушыларға ағылшын және жапон тілдерінде таратылып берілді. Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентшілердің Азия форумы басшылығына, Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Спикері Т. Ошимаға табыс етілді.

Манифест қағидалары форумға қатысушылардың қызу қолдауына ие болды. Мәселен, Жаңа Зеландиядан келген Парламент депутаты Трейси Мартин манифесте айтылғандардың қатты таңқалдарығанын және Елбасының бейбіт өмірге үндеуін бұдан да үлкен халықаралық аудиторияға жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.   

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Жапония Парламенті Өкілдер Палатасының Спикері Т. Ошимамен, ХҚДПАФ төрағасы К. Такемимен, Қазақстанмен достықты нығайту жөніндегі жапондық парламенттік лиганың жетекшісі Т. Кавамурмен жүздесіп, парламентаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. 

ХҚДПАФ атқарушы комитетінің 80-ші жиыны қарсаңында Гүлмира Исимбаева аталған парламенттік форумның  Вице-төрағасы қызметіне бекітілген болатын.

 

Айта кетерлігі, 2016 жылы  Исэ-Симада(Жапония) өтетін Үлкен жетіліктің 42-ші Саммиті, аталған ұйымның Тұрақты даму мақсаттары қабылданғаннан кейінгі алғашқы Саммиті деуге болады. Бұл қатысушы-елдер көшбасшыларының халықтың қоныстануы мәселелерін шешу үшін қабылданатын шаралардың маңыздылығын даму жөніндегі барлық халықаралық келісімдерді жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде көрсетудің ерекше мүмкіндігі. 

Саммит қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен парламент өкілдері Токиоға Саммит көшбасшыларының атына халықтың қоныстануы мәселелерінің өзектілігі туралы хабардарлықты арттыру жөнінде ұжымдық үндеу дайындау үшін жиналды. 

Аталған конференцияны халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Жапония парламентшілері федерациясы ХҚДПАФ-мен бірлесіп ұйымдастырды.   Жоғарғы деңгейлі шараға 68 елден 100-ден астам делегат қатысты.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі