Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
03.05.2016

Мәжілісте Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық үкіметті» енгізу бойынша Кіші жұмыс тобының отырысы өтті.


Мәжілісте Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық үкіметті» енгізу бойынша Кіші жұмыс тобының отырысы өтті.

Астана, 3 мамыр.Мәжіліс Үй.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық үкіметті» (94,95,96 қадамдар) енгізу бойынша Кіші жұмыс тобының отырысын өткізді. Онда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының шеңберінде «Ашық үкіметті» енгізудің мәселелері қаралып талқыланды. 

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның «Ашық үкіметті» (94,95,96 қадамдар) енгізу бойынша Кіші жұмыс тобы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзінде іске асыру мақсатында Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен  құрылады.

«Ашық үкіметті» енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыс жөнінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов таныстырды. Өз баяндамасында С. Сәрсенов Инвестициялар және даму министрлігімен мемлекеттік органдарды және халықты техникалық және ақпараттық қолдау бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.  

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Заңды орындау бойынша көрсету және ақпарат иелерін оқыту үшін модельді алаң ретінде әрекет етуге дайын екендігін мәлімдеді.

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжазира Сайдахмедова өзінің баяндамасында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңын іске асыру бойынша Алматы қаласының әкімдігінде модельді алаңын құру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндады.     

Отырыста «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін өңірлерде түсіндіру бойынша халықаралық институттармен бірлескен жұмыстың перспективалары талқыланды.    

Бірінші семинар-тренинг Оңтүстік-Қазақстан облысында 2016 жылғы 28-29 сәуірде өтті және одан әрі мұндай іс-шаралар тағы тоғыз аймақтарда жоспарланып отыр.

Отырыс  барысында Кіші жұмыс комиссиясының мүшелері «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның нормаларын жедел іске асыру біздің азаматтарымызға өздеріне қажетті толық, дәйекті ақпаратты шұғыл түрде алуына, НҚА жобаларын, республикалық және жергілікті бюджеттерді  талқылауға қатысуға, ұсыныстар мен ұсынымдарды енгізуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін бағалауға мүмкіндік беретіні туралы атап өтті.  

Отырысты қорытындылай келе, Кіші жұмыс тобының жетекшісі  Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы М.Әшімбаев қаралып отырған мәселе жан-жақты әрі нысаналы талқыланғанын және талқылау барысында айтылған барлық сындарлы ескертулер мен ұсыныстар Қазақстанда «Ашық үкіметті» енгізу бойынша одан әрі жұмыс барысында ескерілуге тиіс екенін атап көрсетті.  

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі