Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
09.05.2016

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ЖЕҢІС МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ГҮЛШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ЖЕҢІС МЕЙРАМЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ГҮЛШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

 

Астана. 9-мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументі алдында Ұлы Жеңіс мейрамына арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.  Оған Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған Мәжілістің депутаттық корпус өкілдері де қатысты.

Алаңға қос Палата төрағалары Қ. Тоқаев, Б. Ізмұхамбетов, Үкімет жетекшісі К. Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіхалықова, Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов шығып, даңқ гүл себеттерін қойды.

Жиналғандар Ұлы Отан соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, одан әрі еліміздің мемлекеттік әнұраны орындалды.

Парламент Мәжілісінің депутаты, халық қаһарманы Бақытжан Ертаев Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қан майданда қаза болған боздақтардың қайталанбас ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болып келе жатқанын айта келіп, қазақстандықтарды Жеңіс мейрамымен құттықтады.

Шараға қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, арнайы дайындалған плац-концертті тамашалады.

Монумент жанындағы «Студенттік» саябағында әдеттегідей 11 әскери шатыр тігіліп, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік дастархан жайылды.

Биыл 71-ші рет аталып отырған Жеңіс мерекесіне сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, елорда тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі