Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.05.2016

Б. ІЗМҰХАМБЕТОВ: ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН АГРАРЛЫҚ САЯСАТ – АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ


Б. ІЗМҰХАМБЕТОВ: ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН АГРАРЛЫҚ САЯСАТ – АЛДАҒЫ ОНЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

 

Астана, 19 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов «Еуразиялық экономикалық перспектива» IV халықаралық форумында сөйлеген сөзінде келісілген аграрлық саясатты одан әрі жалғастыру және оның ЕАЭО инфрақұрылымы мен көліктік-логистикалық дамуға байланысты түйіндесу мүмкіндіктерін меңгеруді ұсынды. 

Мәжіліс депутаттары қатысып жатқан бұл маңызды форум бүгін Санкт-Петерборда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының көктемгі сессиясы аясында өтіп жатыр.

Онда ЕАЭО Азияның оңтүстік-шығыс елдерімен ынтымақтастық перспективасы, еркін сауда аймағын құру мәселелері әңгіме өзегіне айналды. 

Б. Ізмұхамбетов БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай әлем тұрғындарының саны 10 млрд-тан асатындығын, соған сәйкес, азық-түлік өніміне деген сұраныс 70 пайызға артатындығын еске салды.  Қазіргі уақытта дүниежүзінде экологиялық таза өнімге деген сұраныс жыл сайын  20-30 пайызға артқаны байқалады.  

- Тұрақты дамудың ғаламдық күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса өзекті болмақ. Бізде осы олқылықтың орнын толтыру үшін табиғи ресурстар да адам капиталы да бар. Сонымен қатар, ЕАЭО-тың Еуропа, Қытай, Азия аралығында орналасуы бізді қажетті басымдықтармен қамтамасыз етеді,-деді Мәжіліс Спикері.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанда 100 млн-нан артық жер ауылшаруашылығы айналымына берілген. Соңғы 10 жылда ауылшаруашылығында өндіру көлемі 41 пайызға, экспорткөлемі 59 пайызға артқан. Осы саланың негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 2005 жылы 149 млн. доллардан 2015 жылы 507 млн. долларға, 3 есеге дейін ұлғайды.  

Өз сөзінде Б. Ізмұхамбетов отандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін заңнамалық база құру қажеттілігін атап өтті. Өткен жылы «Ауылшаруашылығы коопертивтері туралы» және «Органикалық өнімдер өндіру туралы» заңдар қабылданған болатын.

Мәжіліс Төрағасы аталған саланы дамытуға және жаңа технологиялар енгізуге Астанада орналасатын азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы да ықпал ететіндігін жеткізді.  

      

                (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі