Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.05.2016

МӘЖІЛІС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТМД ПАА 44 ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТМД ПАА 44 ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Астана, 20 мамыр, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған Палата делегациясы ТМД ПАА 44 пленарлық отырысына қатысты.  

Онда космикалық кеңістікті бейбіт мақсатқа пайдалану мен зерттеу саласында, сондай-ақ, «Биоэнергетиканы дамыту негіздері туралы», «экологиялық сараптама туралы», «ағартушылық қызмет туралы» басқа да модельдік заңдар бойынша ынтымақтастық туралы ТМД Конвенциясы жобасы талқыланды.

Мәжіліс депутаттары М. Әшімбаев, С. Омаров, М. Айсина, М. Тінікеев, Ш. Хахазов, М.Чирков, Б.Мәкен ТМД ПАА отырысы аясында мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін меңгеру, саяси мәселелер мен халықаралық ынтымақтастық, аграрлық саясат, табиғи ресурс және экология, мәдениет, ақпарат, туризм және спорт бағыттарындағы модельдік заңнамалар бойынша пікір алмасты. 

Сонымен қатар, Парламентаралық одақ, Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы, Достастық (ұлттар) парламенттік қауымдастығы төрағалары да биік мінберден өзекті сұрақтарды көтерді.

Осы ретте парламентаралық ассамблеялар ынтымақтастығын арттыруға айрықша назар аударылды. Бұл турасында  ЕҚЫҰ ПА төрағасы Илкка Канерва  парламенттік дипломатия мен өзара іс-қимылдың күшіне сенетінін, басты мақсат етене байланыс орнату екендігін алға тартса, Парламентаралық Одақ төрағасы Сабер Чоудхури Санкт-Петерборда Шығыс пен Батыстың парламенттік ассамблеялары кездесуінің маңыздылығын сөз етіп:

- Соңғы 24 жылда қабылданған модельдік заңдардың 86 пайызы белгілі деңгейде ұлттық парламенттермен байланысты.  Бұл ұлттық парламенттер үшін жақсы тәжірибе. Ол тәжірибені халықаралық қауымдастықпен бөлісу, парламенттік өзара іс-қимылдың жоғарғы деңгейі,-деді.  

Парламент өкілдері қазіргі жағдайда, мемлекеттерді жақындастыруда парламенттік дипломатияның рөлі арта түсетініне сенім білдірді.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі