Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.05.2016

МӘЖІЛІС-ӘДІЛЕТМИНІ –«НҰР ОТАН»: ЖЕКЕ СОТ АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ- ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ


МӘЖІЛІС-ӘДІЛЕТМИНІ –«НҰР ОТАН»: ЖЕКЕ СОТ АТҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ- ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

Астана, 27 мамыр. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері 30-31 мамыр күндері Алматы қаласында және Алматы облысының аудандарының жергілікті жердегі жеке сот орындаушыларының қызметімен танысады.  

 

31 мамырға республикалық көлемде дөңгелек үстел өткізіледі. (Алматы қаласы, гранд отель «Тянь-Шань», 10.00- 13.00).)

Басқосуда  жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру мәселесі талқыланатын болады. Оның жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес мүшелері, әділет органдарының, құқыққорғау органдарының өкілдері, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының өкілдері қатысады.

Отырыстың модераторы: Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес жетекшісі Нұрлан Әбдіров.

Көшпелі отырысқа Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары С.Бычкова, Б.Дүйсенбинов, С.Имашева, Б.Кесебаева, М.Магеррамов, Н.Микаелян, Қ.Мусин, М.Тінекеев қатысады.

Сонымен бірге, шараға Әділет министрінің орынбасары Ж. Ешмағанбетов, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаментінің директоры С.Сағдат, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының төрағасы С.Ли қатысады.

Шара жұмысына прокуратура мен сот және ішкі істер органдарының өкілдері, финансистер ассоциациясының, Алматы қалалық әділет басқармасының және жергілікті жердегі жеке сот орындаушылар мен әділет департаменттерінің жетекшілері де қатысатыны жоспарланған.

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. 74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі