Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.05.2016

МӘЖІЛІС БЮРОСЫНДА АЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ БЕЛГІЛЕНДІ


МӘЖІЛІС БЮРОСЫНДА АЛДАҒЫ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ БЕЛГІЛЕНДІ

 

Астана. 27-мамыр. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі қаралып, халық қалаулылары талқысына «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын ұсыну жоспарланып отыр.

Бұл келісім 2015 жылғы 16 қазанда Бурабай кентінде жасалған. Онда Тараптардың құзыретті органдарының іс жүргізуіндегі екі және одан көп тараптың аумағында дәлелдемелерді ұсыну не процестік әрекеттерді және жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу қажет болатын қылмыстық істер бойынша өзара байланысты қылмыстарды ашу және тергеп тексеру үшін тараптардың аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру, олардың қызметі және қызметін тоқтату мәселелерін реттеу көзделеді.

Келісім ратификацияланған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік –экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ, республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі