Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
27.05.2016

МӘЖІЛІС КОМИТЕТІ ОҢТҮСТІКТЕ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ


МӘЖІЛІС КОМИТЕТІ ОҢТҮСТІКТЕ КЕЗДЕСУЛЕР МЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ  ӨТКІЗДІ

Астана, 27 мамыр.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот құқықтық реформа  комитетінің депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысының  Ордабасы, Сайрам, Отырар аудандары және Түркістан қаласына барды.

Сапар  кезінде жеке сот орындаушылармен, аудан әкімдерімен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өтті. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушылары қатысқан кездесу өтті.  Кездесу кезінде қызықты және нақты әңгіме болды.  Жеке сот орындаушыларының қызметі бойынша проблемалық мәселелері талқыланды. Прокуратура, сот, ішкі істер органдарының өкілдері тыңдалды.

Сапар кезінде жеке сот орындаушылардың жұмыстары бойынша тұрғындардың пікірі тыңдалып, депутаттар тұрғындармен және өтініш берушілермен кездесулер жасады.

2016 жылғы 27 мамыр күні сапардың нәтижесі бойынша депутаттар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Б.Атамқұловпен де кездесті.

Сондай-ақ жеке сот орындау институтын жетілдіру мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, «Нұр Отан» партиясының Құқықтық кеңесінің мүшелері, әділет, құқық қорғау органдарының, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасының, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылар қатысты.  

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі