Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.06.2016

ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ КОММУНИСТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ


ҚАЗАҚСТАН –  ҚЫТАЙ  КОММУНИСТЕРДІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

 

Астана, 10 маусым. Мәжіліс үйі.

Бүгін Мәжілістің «Халықтық коммунистер» фракциясының бір топ депутаты Жамбыл Ахметбековтың жетекшілігінде Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі Сун Тао мырзамен кездесті.

Қазақстандық парламентші Қытай Коммунистік партиясының келе жатқан 95 жылдығымен құттықтады. Ширек ғасырдан бергі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың қарқынды өркендеп келе жатқанына, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесі екендігіне тоқталды.

Одан кейін  екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық байланыстардың маңызы жайында, заң шығарушы органдар арасындағы байланыстар жөнінде кеңінен айтып берді.

Кездесу барысында «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясат мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуы жайында пікір алмасулар болды.

Кездесуге ҚХР ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Ханьхуэй Чжан, сонымен қатар ҚХКП атынан сайланған депутаттар Владимир Косарев, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров және Магеррам Магеррамов қатысты.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі