Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
23.06.2016

МӘЖІЛІС- «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫ: ЖАЛПЫ САЛЫҚТЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ ЕНГІЗУ


МӘЖІЛІС- «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫ: ЖАЛПЫ САЛЫҚТЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ ЕНГІЗУ

Астана, 23 маусым.Мәжіліс Үйі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде палата Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі  Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен «Қазақстан Республикасында кірістер мен шығыстарға жалпы салықтық декларациялауды енгізу» тақырыбында «Нұр Отан» партиясы фракциясының жалпы жиналысы өтті. Оған Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко қатысты.

                Жиналысты ашқан фракция жетекшісі Г. Исимбаева өзінің кіріспе сөзінде қаралып отырған мәселенің маңыздылығын атап өтті және жалпы салықтық декларациялауды енгізу процестерінің әртүрлі жақтарын қозғайтын мәселелерді көтерді.

Мысалы, бүгінгі таңда салық төлеуші – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің Қорының жұмысындағы проблемалар.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараттық жүйелері қазірдің өзінде бір мезгілде пайдаланушылар өткізген  декларацияларды қабылдауға шамасы келмей жатыр.

«Қазпошта» акционерлік қоғамының, оның филиалдары мен бөлімшелерінің Қазақстанның елді мекендерінен, әсіресе интернет байланысы жоқ  жерлердегі тұрғындардан үлкен көлемдегі декларацияларды қабылдауға, ал Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті қағаз түрінде өткізілген декларацияларды қабылдап және өңдеуге  дайындық мәселелері сұрақ тудырады.

Жалпы салықтық декларациялауды енгізу декларацияларды қабылдау орталықтарының санын көбейтуді, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Декларация өткізу легінің өсуімен байланысты бірінші кезеңде де, екінші кезеңде де салықтық есептерді сапалы өңдеуді қамтамасыз етуде әлі де қауіп бар.

Жалпы салықтық декларациялауды енгізу процесінің сапасы мемлекеттік органдар жұмыстарының тәртіптілігі мен үйлесімділігіне тікелей байланысты., Техникалық олқылықтардың, мазмұндық және ұйымдастырудың кез-келген сипаттарының шалағайлықтарына жол бермеу қажеттілігі атап өтілді

Жиналыста негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы А.М. Теңгебаев жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары                       В.В. Ярошенконың, Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары                  А.М. Қыпшақовтың қосымша баяндамалары тыңдалды. 

Жиналысқа қатысушылар 2015 жылдың қарашасында қабылданған  «Қазақстан Республикасының кірістер мен жеке тұлғалардың мүліктерін декларациялау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың кешенді шараларына заңнамалық негіз болғандығын атап өтті.

                Декларация өткізудің бірінші кезеңінде, яғни 2017 жылдан бастап – мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (оның ішінде, қолданыстағы заңнамалармен декларация беру міндеттелген тұлғалар), сонымен қатар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар (1,8 млн. адам) декларация өткізеді.

Декларация өткізудің екінші кезеңінде, яғни 2020 жылдан бастап – барлық жеке тұлғалардың декларация өткізуі жоспарланған.

Кірістер мен мүлік жөніндегі декларация Қазақстан аумағында, сондай-ақ тыс жерлерде тапқан кірістер жөнінде жыл сайын декларация өткізу үшін жасалған.  

Шығыстарға декларация беру, тек қана «көлемді» (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар сатып алғанда, үлеске қатысу, кіру және т.б.) заттар сатып алғанда ғана тапсырылады.

Кірістерге тек қана еңбекақы және зейнетақы құрайтын тұлғалар үшін жылда өткізетін декларацияның жеңілдетілген түрі әзірленген, бір парақта. Жасалған есепке сәйкес, декларация өткізетін тұлғалардың жалпы көлемінің 70 пайызынан астамы (8 млн.адам) жеңілдетілген түрде декларация өткізеді.

Бүгінгі күні декларация өткізудің үш түрі: пошта арқылы қағаз нұсқасын жіберу, келіп өткізу тәртібі бойынша қағаз нұсқасын өткізу, электрондық түрде өткізу қарастырылған.

Қазақстанда декларацияларды қабылдап және өңдейтін 215 орталық бар, онда барлығы 2097 қызметкерлер жұмыс істесе, олардың тек қана 220 қызметкері ғана салықтық есептерді қабылдаумен айналысады.

Салық бойынша кеңес беру жөніндегі қызмет көрсету нарығы мемлекет тарапынан реттеусіз қызмет істеуде. Сонымен қатар, салық жөнінде кеңес берушінің сапалы қызметіне, сондай-ақ салық төлеушінің мүддесін  қорғауға қарамастан салық төлеуші жауапты болады. 

Жиналыста жалпы декралациялаудың бірінші кезеңіне өтуге дайындық барысымен байланысты басқа да мәселелер қаралды.

Фракцияның жетекшісі Г. Исимбаева өзінің қорытынды сөзінде Фракция мүшелерінің жазғы өңірлерге шығу кезінде түсіндіру жұмыстары бойынша нақты міндеттер белгіледі.

Кеңейтілген жиналыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірленді.

 

Фракция жиналысының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы А.М. Теңгебаев, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайынов, Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары В.В. Ярошенко, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев, министрліктерінің, Ұлттық холдингтер мен компаниялардың, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының, Қазақстанның салық төлеушілер Ассоциациясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі