Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
28.06.2016

ҚАЗАҚСТАН-ГРЕЦИЯ: ДИПЛОМАТҚА АЛҒЫС


ҚАЗАҚСТАН-ГРЕЦИЯ: ДИПЛОМАТҚА АЛҒЫС

 

 Астана, 28маусым. Мәжіліс Үйі.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Грецияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эфтимиос Пандзопулос мырзамен дипломатиялық қызметінің аяқталуына орай кездесті.

Жүздесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері кең көлемде айтылды. Тараптар Қазақстан мен Греция арасындағы экономика, туризм салаларының  халықаралық аренадағы өзара байланыстары мен бағыттары жайынан әңгіме қозғады.

Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев дипломатты Қазақстан-греция қарым-қатынастарының нығаюына қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі