Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
05.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

 

Астана. 5-шілде. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сапар Ахметов, Кәрібай Мұсырман, Петр Шарапаев және Сергей Звольский Солтүстік Қазақстан облысына келді. Мәжілісмендер Петропавл қаласында салынып жатқан нысандарды және облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралап, сайлаушылармен бірге бірқатар іс-шараларға қатысты.

Халық қалаулылары іссапар барысында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан 72-пәтерлі тұрғын-үй мен 300 орынға арналған балалар бақшасының құрылыс жұмысымен танысты. Аталған жерлерде қарқынды қолға алынған жұмыстар, межелі уақытта пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, депутаттар жастар өкілдерімен және жас спортшылармен кездесіп, спорттық инфрақұрылымдарды дамыту, жастарды дене тәрбиесімен айналысуға баулу тақырыбында пікір алмасты.

Мәжіліс депутаттары партияның облыстық филиалында болып, ұйымның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыс ету рәсіміне де қатысты.  

Осыдан кейін депутаттар Петропавл, Жезқазған-Петропавл,  автожолдарының салыну барысымен танысты. Жобаның жалпы құны 5 миллиард 150 миллион теңгені құрайды, нысанды 2017 жылдың  наурыз айында тапсыру жоспарланған.

Іс-сапар депутаттардың азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау шарасымен жалғасты.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі