Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
04.07.2016

Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысты


Мәжіліс Төрағасы мемлекеттік туды көтеру салтанатына қатысты

 

Астана, 4 шілде. Мәжіліс үйі. Бүгін Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік туды көтерудің салтанаттты рәсімі өтті.

 Шараға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қатысты.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі дәстүр бойынша Астана күніне арналған іс-шаралардың бастауы саналады.

Жиналғандар алдында сөз алған Елбасы Мемлекеттік тудың әрбір қазақстандық үшін асыл құндылық саналатын ұлттық бірліктің символы екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы рәсім аясында еліміздің жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офицерлік шен тапсырды. Қазақстан Президентінің қолынан 12 түлек – Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер әскери институтының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери институтының үздік бітірушілері шен алды.

Салтанат соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын алдағы Астана күнімен құттықтап, бейбітшілік пен татулық, тыныштық пен бақ-береке тіледі.

 

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі