Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
29.06.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамына сайлануына байланысты пікірі


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі құрамына сайлануына байланысты пікірі

 

Астана, 29 маусым, Мәжіліс үйі. «Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесі мүшелігіне сайлануы – ең алдымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстанның халықаралық абырой-беделінің жарқын дәлелі».

Бұл туралы бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлімдеді. Мәжіліс Спикері атап өткендей, Қазақстан Президентінің аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудағы, ядролық қарусыздану, сондай-ақ, өркениетаралық үнқатысуды қамтамасыз ету жолындағы өлшеусіз еңбегі егемен еліміздің халықаралық аренадағы тағы бір айшықты жеңісінің негізін қалады.

Бүгінгі күні бүкіл әлем Елбасының  ерен ерлігінің арқасында Қазақстанның тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде тұрақты нарықтық экономиканы дамытып, әділ әлеуметтік саясат жүргізіп, демократиялық саяси жүйе қалыптастра отырып жеткен жетістіктеріне зор таңданыспен қарайды,-деді Нұрлан Нығматулин. 

Жалпы Қазақстанның кандидатурасын 193 елдің 138-і қолдап дауыс бергені белгілі. Біздің еліміз Орталық Азия аймағынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болған алғашқы ел.

БҰҰ Бас Ассамблеясында сайлауда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі