Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
08.07.2016

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ақтөбе облысында іс-сапармен болды.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ақтөбе облысында іс-сапармен болды.

 

                Астана. 8-маусым. Мәжіліс үйі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Асылбек Смағұлов пен Құралай Қаракен Ақтөбе облысында іс-сапармен болып, бірқатар кездесулер өткізді. Ең әуелі, Әйтеке би аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысына қатысқан депутаттар одан әрі орталық аурухана ұжымымен және науқастармен жүздесті.

Депутаттардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуінде қоғамдық қауіпсіздік мәселелері мен заңдардың орындалуы туралы сұрақтар көтерілді.

                Ал,  аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелерімен  күн тәртібіндегі партияның сайлауалды бағдарламасының іске асырылу жайы талқыға түсті.

         Аудан тұрғындарымен кездесуде Парламент Мәжілісінде қабылданатын маңызды құжаттар туралы айтылды.

Кездесуден кейін депутаттар «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының нысандарында болды.

(ҚР Парламенті Мәжіліс Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі