Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.07.2016

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛАРЫ ОҚО МЕН ШҚО АУДАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ


халық қалаулары ОҚО мен ШҚО аудандарындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырылуымен танысып қайтты

 

                Астана, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Парламент Мәжілісінің депутаттары  Б. Жылқышиев және Н. Сабильянов ОҚО мен ШҚО аудандарындағы іс-сапарлары аясында әлеуметтік нысандардың, мемлекет қолдауына ие болған кәсіпорындардың құрылыс барысымен танысып, сонымен қатар сайлаушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді. Депутаттар кездесулерінің айрықша тақырыбына айналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы болды.

                Депутат Жылқышиевтың ОҚО-сының Сарыағаш ауданындағы «Шыңғыс» шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен әңгімесінде, атап айтқанда, ауыл шаруашылығының өңдеу секторына стратегиялық инвесторларды тарту және экспорттық тауашаларда орын алу мәселелері көтерілді.

                Бүгінгі таңда, шаруа қожалығында 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, шаруа қожалығында құрама жем цехы және мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Шаруа қожалығы малдан басқа жүзім, бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысуда.

Халық қалаулысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында «UKO-S Star» уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл бөшкелерді шығарумен айналысатын зауытында болып, «UKO-S Star» ЖШС-нің екінші зауытының құрылыс барысымен танысып қайтты. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталады. Зауыт құрылысына 337 млн. теңге инвестиция жұмсалады деп жоспарлануда.  

Құркелес ауыл округіне қарасты Дастан елді мекенінде Б.Жылқышиев «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұлттық қордан бөлінген қаржыға салынып жатқан 300 орындық мектептің, сонымен қатар 280 орындық балабақшаның құрылысымен  танысты. Балабақша жақын арада пайдалануға беріледі  деп жоспарлануда.

Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу орталық аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесуіндегі басты тақырыбы болды.

Мәжіліс депутаты, «НұрОтан» партиясы фракциясының басшысының орынбасары Нұртай Сабильянов ШҚО-дағы Аягөз ауданында өз жұмысын жалғастырды. Депутат жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру объектілері мен Аягөз-Тарбағатай жол бөлігінде болды, сонымен қатар жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізді.

Сайлаушылармен кездесулерде, атап айтқанда, Аягөз қаласында тұрғын үй салу, автожолдарды жөндеу жұмыстары, әлеуметтік көмек беру, денсаулық сақтау, ауыз суымен қамтамасыз ету, Интернет-желісіне қол жеткізу, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, шағын бизнесті қаржыландыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, аудан тұрғындары Аягөз қаласында жаңа мектептің және де Сарыарқа ауылындағы орта мектепте спорт залының салыну қажеттілігін атап өтті.

 

     (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі