Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
11.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ «НҰРЛЫ ЖОЛ» ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

 

                Астана, 11 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Г.Щегельский, С.Симонов Ақтөбе облысындағы іс-сапары барысында Қарғалы  ауданындағы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының нысандарында болды.

Халық қалаулары Бадамша ауылындағы күрделі жөндеуден өткізіліп жатқан жылу жүйесінің жұмыс қарқынымен танысып, сонымен қатар, Қосестек елді мекенінің тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Депутаттар Парламент Мәжілісіндегі қабылданатын маңызды заң жобалары туралы айтып,  тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, «100 Нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын талқылады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі