Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
14.07.2016

АЛМАТЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ УНИВЕРСИАДА-2017-ге ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ


АЛМАТЫ: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ УНИВЕРСИАДА-2017-ге ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРДІ

 

Астана, 14 шілде, Мәжіліс Үйі. Палата Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Г. Исимбаева бастаған Мәжіліс депутаттары Алматы қаласында Универсиада-2017-ге арнап салынып жатқан объектілерге барып көрді.

Мәжіліс депутаттары Г. Исимбаева, З. Аманжолова, О. Шишигина, А. Платонов 12 мың адамдық Мұз аренасында болды.

Бұл мұз жамылғыларды волейболға, баскетболға, мини-футбол мен басқаларға арналған алаңдарға айналдыру мүмкіндігі беріле отырып жобаланған көпфункционалды әмбебап кешен. Құрылыста жарықпен және дыбыспен жарақтандырудың және судьялықты техникалық жағынан қамтамасыз етудің ең жаңа технологиялары қолданылған. Мұз аренасы ең заманауи спорт жабдығымен және мүкәмалымен жарақтандырылатын болады.

Халық қалаулыларының бүкіләлемдік қысқы студенттік жарыстарды ұйымдастырушылармен болған әңгімесінде салынып жатқан осы объектілерді ойындар өткізілгеннен кейін пайдалану, олардың халыққа, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға техникалық жағынан қолжетімді болуы жөнінде мәселелер қозғалды.

Универсиада-2017-ні дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның басшысы Наиль Нуровтың айтуынша, спорт кешенінің инфрақұрылымы халықаралық деңгейде жарыстар өткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ол Алматы қаласының тұрғындары мен меймандары үшін жыл бойы спортпен айналысуға және ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған орталыққа айналады.

– Әйтеуір, біздің балаларымызға заманауи бір нәрсе қалатын болды. Енді мәнерлеп сырғанауды, жүзу мен басқа да спорт түрлерін дамытуға болады. Біз Қазақстанның аумағында да лайықты спортшылар тәрбиелей алатын боламыз, – деді Ольга Шишигина.

Сол күні парламентшілер «Рахат» кондитерлік фабрикасының ұжымымен де әңгімелесті.

Онда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Президент Жолдауының негізгі бағыттарын, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының сайлауалды тұғырнамасын орындау жөнінде сөз болды.

– «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген биік мақсаттарға жету үшін барлық жерде кәсіпкерлердің жұмысына барынша қолайлы жағдайлар жасалуға тиіс. Бұл істе соңғы жылдары өңірлерде билік құрылымдары бизнеске қолдау көрсетіп, оның тілегіне құлақ асып отыр. «Рахат» фабрикасы халықтың экономикалық және әлеуметтік көңіл-күйінің өзіндік барометрі бола алады. Егер өнім сұранысқа ие болып, адамдар оны сатып алып жатса, демек, олардың тәттіден дәм татуға мүмкіндігі бар деген сөз, бұл жаһандық дағдарысқа қарамастан, халық пен елдің экономикалық жай-күйінің тұрақты екенін білдіреді – деп атап өтті Гүлмира Исимбаева.

Депутаттар Қазақстанда диабеттен зардап шегетін адамдар үшін арнайы өнім шығаруды игерген бірден-бір кондитерлік кәсіпорын болып табылатын «Рахаттың» өндірістік цехтарында болды. Бұл ассортиментке калориясы азайтылған және құрамындағы қант онымен теңдес табиғи шикізатпен алмастырылған бірнеше шоколад, кәмпит, печенье мен вафли атауы кіреді. 

 

(«Нұр Отан» партиясы қалалық филалының материалдары бойынша, фотоны партия филиалы ұсынды)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі