Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРЛЕРДЕГІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІН ЖАЛҒАСТЫРУДА


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ӨҢІРЛЕРДЕГІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

 

Астана, 18 шілде, Мәжіліс үйі. Мәжіліс депутаттары Н. Сабильянов, Н. Жұмаділдаева, С. Өтебаев, Т. Хитуов өңірлердегі жұмысын жалғастыруда.

Шығыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясы төрағасының орынбасары Нұртай Сабильянов Тарбағатай, Зайсан және Үржар аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Зайсан ауданының тұрғындары баспаналарын салған кезде ауыл тұрғындарының лицензиясыз өндірілген пайдалы қазбалар ретінде құм мен сазды пайдалануына аудандық прокуратураның тыйым салуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Үржар ауданында өсімдік шаруашылығын дамытуға субсидиялар төлеу бойынша мәселелер бар, ал Жаңа тілек ауылында бес жыл бұрын басталған орта мектептің құрылысы мердігердің кінәсі бойынша әлі күнге дейін аяқталмаған, соның салдарынан тағы бір мәселе – құрылысшыларға жалақыларын төлемеу мәселесі туындап отыр. Сондай-ақ халық қалаулысы елді мекендерді газбен және сумен жабдықтау мәселелерін бақылауына алды.

ҚХА депутаттық тобының хатшысы Наталья Жұмаділдаева Қызылорда облысындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылына барды. Мәжіліс депутаты «Үшқоңыр», «Ақжайық», «Оқжетпес», «Алатау» үйлерінің тәрбиеленушілерімен әңгімелесті. Балалар, өз кезегінде, Н. Жұмаділдаеваға өз жетістіктері жайлы айтып, сауықтыру орталықтарындағы жазғы демалыстан және Астана қаласына ұйымдастырылған сапардан алған әсерлерімен бөлісті.

Маңғыстау облысында Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары Сәкен Өтебаев пен Тарас Хитуов Қарақия ауданының Жетібай ауылына барды, онда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 280 орындық мемлекеттік балабақша салынған.

Мәжіліс депутаттары өңірде мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін атап өтті, сондай-ақ мектепке дейінгі мекемелерді тәрбиелеушілермен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі