Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
18.07.2016

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА EXPO-2017 ҚАРСАҢЫНДА АУЫЛДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ ӨЗ ІСІН ҚАЛАЙ БАСТАУДЫ ҮЙРЕТУДЕ


АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА EXPO-2017 ҚАРСАҢЫНДА АУЫЛДА ТҰРАТЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ ӨЗ ІСІН ҚАЛАЙ БАСТАУДЫ ҮЙРЕТУДЕ

 

Астана, 18 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Майра Айсина өз жұмысы шеңберінде Ақмол ауылының жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдеріне арналған тренингіге қатысты.

Кездесуге келген ауылдың қыз-келіншектеріне «жасыл технологияларды» пайдалана отырып, өз ісін қалай ашуға болатыны туралы айтылды.

М. Айсинаның айтуынша, EXPO-2017 қарсаңында жобаға қатысушылар – «Нұр Отан» партиясының әйелдерді қолдау жөніндегі сараптама тобы «Жасыл» экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» коалициясымен бірлесе отырып, Астананың маңайында өзіндік ерекшелігі бар «қарсылап алу белдеуін» құруға, яғни халықаралық көрмеге келетін барша жұртқа қолайлы жағдай жасауға тырысуда.

Қыз-келіншектерді оқытып-үйретудің негізгі бағыттары - қонақ қабылдайтын үйлер, экологиялық таза жеміс-көкөніс өнімдері, кәдесый бұйымдары.

М. Айсина «жасыл технологияларды» пайдалану әйелдерге өз істерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береріне сенімді.

- Болашақ - «жасыл технологияларда», «жасыл экономикада». Бұлар -  ресурс үнемдейтін, су үнемдейтін, жарық үнемдейтін технологиялар. Біз, біріншіден, экономиканы үйренуіміз керек, ал екіншіден, осы «жасыл технологиялар» бағытында дамуға тиіспіз. Біз тек ауыл әйелдерін ғана оқытып-үйрете бастадық, өйткені ауыл мәдениетін осылайша көтеруге болады деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда қалада жасалып жатқан нәрселердің барлығын еш қиындықсыз, яғни қаладағыдай жағдайлармен ауылда да жасауға болады, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

2014 жылдан бері жоба аясында шамамен 5 мыңдай қыз-келіншек    бизнес-сауаттылық негіздеріне оқытудан өтті. Тренингтер Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарында жүйелі түрде өткізіліп жатыр. Өткен жылы Ақмола облысы Аршалы ауданының Арнасай ауылында «Жасыл» технологиялардың» халық академиясы» білім беру орталығы ашылды. Ол жерде оқып-үйренуге ниет білдірушілердің барлығы «жасыл технологияларды» пайдалану бойынша оқудан өте алады, ал содан кейін оларды қолдануды биовегетарийден тікелей көре алады.   


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі