Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.07.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

Астана, 19 шілде, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының парламенттегі фракциясының мүшесі Марат Бопазов Алматы облысына жасаған сапарында Матай ауылының тұрғындарымен кездесті, зейнеткерлермен әңгімелесті, Ақсу ауданының әлеуметтік объектілерін аралады.

Кездесудің басты тақырыбы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, халық қалаулыларының заң шығарушылық қызметі болды.

Мәжіліс депутаты ауыл тұрғындарының өтініштерін, атап айтқанда жергілікті мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселені назарға алды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі