Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
20.07.2016

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алматы облысында іс-сапармен болды


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алматы облысында іс-сапармен болды

Астана, 20 шілде, Мәжіліс үйі. Мәжіліс Депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Қуаныш Сұлтанов Алматы облысы, Панфилов, Кербұлақ  аудандарында іс-сапармен болып, сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында депутат ауданның әлеуметтік ахуалымен танысты, өзекті мәселелер талқыланды, қоғамдық маңызы бар сұрақтар көтерілді.

Депутат Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам», партияның сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы, ол үшін Парламент Мәжілісінде қабылданып жатқан маңызды заңдар туралы айтып берді.

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі