Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
10.08.2016

Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесу өткізуде


Мәжіліс депутаттары Батыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесу өткізуде

 

 

Астана, 10 тамыз, Мәжіліс Үйі. Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Шавхат Өтемізов пен Снежанна Имашева Батыс Қазақстан облысына барды.

Бүгін парламентарийлер «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Фирма сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, телекоммуникация жүйелеріне арналған полиэтилен құбырларын, технологиялық құбырларды, сондай-ақ металлочерепица, профлист, жақтауларға арналған бөліктерді, жол белгілерін және пластмассадан жасалған халықтық тұтыну тауарларын шығарумен маманданады.

Кездесу барысында Мәжіліс парламентарийлері Оралдағы 500 пәтерден тұратын бес қабатты көппәтерлі кешеннің құрылыс барысымен танысты. Жұмыс «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Тұрғын үй құрылысының тапсырыс берушісі болып «Қазақстандық ипотекалық компания» әрекет етеді. Объектінің құны 2 943,4 млн. теңге.

Мұнымен қатар, Мәжіліс депутаттары әйелдерді әлеуметтік оңалту және бейімдеу жөніндегі  қалалық орталыққа барды, Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Депутаттар кездесу барысында сайлаушыларға Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасының  жеткен жетістіктері туралы айтты. Кездесудің басты тақырыптары  Ұлт жоспары «100 нақты қадамды», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауын іске асыру мәселелері болды.

«Мәңгілік ел» Патриоттық актісі туралы, «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты партияның сайлауалды бағдарламасын орындау туралы тақырып әңгіме барысында ерекше орын алды.

Осы және өзге де маңызды мәселелермен қатар парламентарийлер сайлаушыларға Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі өздерінің заң шығару қызметі туралы баяндады.

 

 

(«Нұр Отан» ПАФ жәрдемдесуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі)



 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі