Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
19.08.2016

Халық қалаулысы ел арасында


Халық қалаулысы ел арасында 

 

Астана. 19-тамыз. Мәжіліс үйі. Депутаттардың өңірлерге сапары барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанат Ануарбекқызы Омарбекова жұмыс сапарымен Меркі ауданында болып, мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан құрылыс нысандарымен және шаруа қожалық өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында ауданның барлық саладағы тыныс-тіршілігі, оның ішінде Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадам Ұлт Жоспарының жүзеге асырылу жайы баян етілді.

Одан әрі депутат «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынып жатқан аудандық орталық емхана құрылысына келді. 

250 адамға арналған ғимарат құрлысы 18 қазанда аяқталады деп жоспарланған. Сапасы жоғары әрі заманауи техникалық қондырғылармен жасақталуы осы типтес емханалардан көш ілгері екендігін көрсетеді.

Мәжіліс депутаты келесі кезекте, 600 оқушыға арналған №9 Савва атындағы орта мектептің құрылыс алаңымен танысып,  17 гектар жерге жеміс ағаштарын өсіріп отырған «Балабек» шаруа қожалығында бірқатар шаруашылық басшыларымен жүздесіп, келелі мәселелерді талқылады.

(ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі