Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.08.2016

Мәжіліс депутаты Солтүстік Қазақстан облысында


Мәжіліс депутаты Солтүстік Қазақстан облысында

 

Астана, 22 тамыз. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Абай Тасболатов Солтүстік Қазақстан облысында кездесулер өткізді. Петропавлда депутат үш көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысына, «Мұнаймаш» АҚ зауытына, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтік жатақханаларында болды және «Нұр сәт» бала бақшасының дайындық жұмысымен танысты.

«Береке» шағын ауданында жаңа көппәтерлі үйлерді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақтары бағдарламасы шеңберінде өткен жылы тұрғыза бастады, оларды пайдалануға тапсыру осы жылы жоспарлануда. Бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды, электр жабдықтау желілері жабдықталған, жақында сумен жабдықтау және кәріз жүргізіледі. Үйді тұрғызудың мерзімі өте аз, сондықтан мердігерлерге жұмысты тездету керек, Абай Тасболатов атап өтті.

Содан кейін депутат «Мұнаймаш» зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын мұнай кәсіпорыны жабдықтарын жобалау, әзірлеу және өндірісіне маманданған. Сондай-ақ ұңғымаларға арналған қарнақты сорғылар және мұнай өндіру үшін өзге де аспаптар шығарады. Бүгін зауытта 150-ге жуық адам еңбек етуде, орташа еңбекақы мөлшері – 140 мың теңге. Өнімге деген сұраныс үлкен, мұнда тәжірибелі мамандар жұмыс істейтінін «Мұнаймаш» АҚ басқармасының төрағасы Спартак Пушкарев мәлімдеді.

«Бүгінгі күні біз мұнай өнеркәсібі бұйымдарын үшін ескірген металл өңдеу жабдығы паркін жаңарттық, ұңғымалық қарнақтық сорғылары қуатын 7500 данаға дейін арттырдық, 1-2 ай қолмен сызатын бұйымдарды әзірлеуге арналған кезеңді 2 сағатқа дейін қысқарттық», - деді Басқарма төрағасы,- «Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын 23 пайызға қысқарды және 1,5 есе артық еңбек өнімділігі арттырды».

Абай Тасболатов кәсіпорынның жұмысына өте жақсы баға берді, ол Қазақстанда озық кәсіпорындардың бірі болып табылатынын, баса айтты. Мәжіліс депутаты зауыттықтардың жалақысы солтүстікқазақстандық өлшем бойынша жоғары екенін және өндірістегі тиімді қазіргі заманғы техникаларды атап кетті.

Бұдан басқа, партия фракциясының мүшесі халықты жұмыспен қамту орталығының қос ғимараттан тұратын 100-пәтерлі жатақханасының тұрғындарымен кездесті. Олармен бөлмелерде алу шарттарын талқылады және олардың мәселелеріне назар аударды.

Абай Тасболатов Петропавлдағы қыркүйек айында қолдануға берілетін «Нұр сәт» жаңа бала бақшасына да барып, танысты.

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты партияның  облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады және аймақтың партиялық белсенділерімен кездесті. Осы апта Абай Тасболатов Уәлиханов, Ақжар, Шал ақын және Тимирязев аудандарының бірқатар нысандарына барады және жұртшылықпен кездеседі.

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі