Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
24.08.2016

МӘЖІЛІСМЕН СВЕТЛАНА БЫЧКОВА МЕДЕУ АУДАНДЫҚ Х ҚКО КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ


МӘЖІЛІСМЕН СВЕТЛАНА БЫЧКОВА МЕДЕУ АУДАНДЫҚ Х ҚКО КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 

Астана, 24 тамыз. Мәжіліс Үйі.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова Алматы қаласындағы Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Алмагүл Атарганова орталықтың қызметімен таныстырып, сонымен қатар консультанттардың жедел жұмысының нәтижесімен бөлісті. Аталған консультанттар халықтың негізгі сұрақтарына көмек көрсетеді, әсіресе әлеуметтік сала бағытында.

Бычкова С.Ф. халлықа қызмет көрсету орталығы әр азаматқа сапалы жұмыс істейтініне көз жеткізді және әлеуметтік-сапалы жұмыс жасалып жатқанына баға берді.

Сонымен қатар, орталық басшысының орынбасары   халыққа қызмет көрсету орталығының электрондық қызмет жүйесімен таныстырып, заңды және жеке тұлғаларға 578-ден аса электрондық қызмет түрін атқаратын көрсетіп және электрондық қол алу азаматтарға айтарлықтай жеңілдегенін мәлімдеді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері денсаулықтары нашар, мүмкіндіктері шектеулі Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлері мен зейнеткерлердің үйіне барып сапалы қызмет жүйесін атқарады.

                - «Медеу ауданының ХҚКО-да болып, жұмыстарымен танысуды  өзіме белгіледім. Біздегі халыққа қызмет көрсету саласы туралы айтар болсақ,  жұмыс жүйесі ілгері қадам басқанын көріп отырмыз. Қазіргі таңда көп қызмет көрсету жұмыстары ХҚКО-ның жүйесіне өтуде. Статистикаға байланысты Қазақстан Республикасы халыққа қызмет көрсету сапасы бойынша әлемдік 10-қа кіреді» -  деп атап өтті     Бычкова С.Ф.

                 Халық қалаулысымен жүздесуде ХҚКО қызметкерлері     жұмысшылардың  қызметақысының төмендігі мен ХҚКО мемлекеттік корпорациясымен бiрiгуiне байланысты ХҚКО қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдамалы тұрғын үй алуға мүмкіндігінің жоқтығын  айтып, заң шеңберінде өздерінің әлеуметтік жағдайларын ескеруді өтінді.

 

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі  «Нұр Отан» партиясының  ҚФ бірлесіп жасады)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі