Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
25.08.2016

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ


МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

 

 

Астана, 25 тамыз. Мәжіліс Үйі.

 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жәмила Нұрманбетова «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында барлық өтініш білдірген азаматтарға құқықтық кеңес беріліп, білім беру, халықты жұмыспен қамту және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелердің заңнамалық нормалары түсіндірілді.

 «Өздеріңіз білетіндей, біз халықтың әлеуметтік осал санатындағы жандарды  әлеуметтік қорғауға үлкен мән береміз. Сөзсіз, біз мұқтаж адамдарға қолдау және көмек көрсетуіміз керек. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының шеңберінде құқықтық көмек беріліп, кеңес беріледі.  Қажеттілік жағдайында, берілген өтініш мазмұнын қарауға өкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға хаттар жіберіледі» - деді Мәжіліс депутаты.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде соңғы  жеті айда 300-ден астам қоғамдық қабылдау өткізілген, оның ішінде 56-сын ҚР парламент Мәжілісінің депутаттары – С.Қ.Ахметов, П.О.Казанцев, Қ.С.Мусин, С.Ф.Бычкова, Ж.Н.Нұрманбетова, Т.И.Яковлева өткізген.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, басқармалар, департаменттер және құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды тұрақты түрде қабылдау жұмысын жүргізеді.

Бұл жерде адамдар өз сұрақтарына татымды жауап және кеңес ала-алатын болғандықтан, өтініш білдіруші астаналықтардың саны артып келеді.

 

 

 

 

(Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі  «Нұр Отан» партиясының  ҚФ бірлесіп жасады)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі