Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.08.2016

ЕКІ МЕМЛЕКЕТ ПАРЛАМЕНТТЕРІНІҢ ВИЦЕ-СПИКЕРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ


ЕКІ МЕМЛЕКЕТ ПАРЛАМЕНТТЕРІНІҢ  ВИЦЕ-СПИКЕРЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

 

Астана, 30 тамыз , Мәжіліс Үйі.

     Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева  Фиджи Республикасы Парламентінің вице-спикері Рувени  Надломен кездесті.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары әріптесіне Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 25 жыл толғанына және ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге арналған еске алу іс-шараларына қатысуға арнайы келгені үшін алғысын жеткізді.

Мәжілістің вице-спикері Фиджи мырзаға еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне сайлануда қолдау білдірген атап өтті.

«Ядролық қарусыз әлем құру» деген атпен өткен Халықаралық конференция ядролық қарудан бас тартуға шақыру мақсатындағы әлемдік мүдделерді біріктіруге күш салатынын мәлімдеді.

Дүние назарын тіккен атаулы конференция жұмысына ресми шақырылғанына ризашылық білдірген Ф. Надоло  ҚР Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың бейбітшілік жолындағы теңдесіз қызметіне жоғары баға беріп, елордасы Астананың салтанатын атап өтті. Алдағы кезде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың жалғасын табатынына сенім білдірді.

Әңгіме барысында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Г.Исимбаева мемлекеттер арасындағы екіжақты серіктестікке тоқталып, мейманды Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметімен таныстырды. Фиджилік кәсіпкерлерді «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.

 

***

Кездесуге Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский мен Асқар Базарбаев  қатысты.

 

 

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

                                                                                                                                               

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі