Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
31.08.2016

АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ МЕН ҚОЛДАУДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСҚАН ЖҮЗДЕСУ БОЛДЫ


АДАМ ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ МЕН ҚОЛДАУДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСҚАН ЖҮЗДЕСУ БОЛДЫ

Астана, 31 тамыз, Мәжіліс Үйі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқы бойынша комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов БҰҰ-ның Адам құқы жөніндегі Орталық Азия бойынша Жоғары Басқармасының комиссары Ришард Комендамен кездесті.

Жүздесу барысында тараптар адам құқы жөніндегі екіжақты қатынастардың өркендеуін тілге тиек етті. Адам құқы бойынша комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов Космиссияның  атқарып жатқан жұмыстары жайында толық айтып берді.

Ришард Коменда болса, ҚР Президенті жанындағы Адам құқы бойынша комиссияның қызметіне жоғары баға беріп, алдағы атқарылар істеріне табыс тіледі.

Өз кезегінде Комиссия төрағасы Қ.Сұлтанов БҰҰ-ның аймақтық өкіліне адам құқын қорғаумен қолдаудағы ынтымақтасқан тірліктеріне алғысын білдіріп, болашақта да БҰҰ институттарымен конструктивті қызмет атқаруға әзірліктерін білдірді.

(Сәуле Досжанова. Т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратты.)

 

 

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі