Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
22.09.2016

Н. Нығматулин: Терроризмге қарсы заң жобасын дайындауға бүкіл қоғам белсене қатысуда


Астана. 22-қыркүйек. Мәжіліс үйі. Бүгін Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі кезеңдегі экстермизм мен терроризмнің алдын алудың және олардың жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға қатысушыларға алғы сөз арнаған Палата Спикері Нұрлан Нығматулин еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың бейбіт өмірі баға жетпес  байлық екенін, оны сақтап, қорғап, одан әрі дамытуға  үлес қосу  әрбір азаматтың абыройлы міндеті екенін айта келіп, осы салада тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен ауқымды жұмыстардың қолға алынып келе жатқанына айрықша назар аударды.

Алайда, бұл қатердің күн өткен сайын белең алуы қазіргі күн тәртібіндегі өзекті сұрақтардың біріне айналғанын алға тарта келіп, Н. Нығматулин:

 -терроризм мен экстремизм жыл сайын өте қауіпті мәселеге айналып барады. Бұл тек  Қазақстан  ғана  емес, бүкіл әлемдегі проблема.  Сондықтан, терроризм мен экстремизмге қарсы күресті күшейту бойынша Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нақты тапсырмалар беріп, оның   орындалу жолдарын   да көрсетті. Ең бастысы, бұл мәселеге бүкіл қоғам қатысып, шынайы қолдау білдіріп отыр»,-деді.  

Осының нәтижесінде, Парламент ашық пікір жүргізіп,  сапалы, тиімді және өткір заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс жасап жатыр. Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, бұл Палата үшін ерекше маңызды!

Айта кетейік, заң жобасын талқылауға Парламент депутаттарымен қатар, тиісті орган өкілдері,  үкіметтік емес  ұйымдар мен Мәжіліске кірмеген барлық партияның мүшелері, журналистер және елімізге белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысуда.  

Заң аясында тағы да 5 кодекс пен  19 заңға өзгерістер енгізілмек.  

(Зәмеш Кеңесқызы 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)

 


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі