Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер
30.09.2016

Мәжіліс Бюросы отырысы өтті


Астана. 30-қыркүйек. Мәжіліс үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Онда депутаттар азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарайды.

Сонымен қатар, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түзетулер де бірінші оқылымда Палата назарына ұсынылады деп күтілуде.

Жалпы отырыста Мәжіліс Ресеймен қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция шеңберінде Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы Заң жобасын талқыламақ.

Бюро отырысында Қаржы және бюджет комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысында, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Павлодар облысында көшпелі отырыстарын өткізу мәселелері де назардан тыс қалмады.

 

(Зәмеш Кеңесқызы – 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі