Астана, 14 қазан, Мәжіліс үйі. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.
Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары назарына жәбірленушілерге зиянды өтеу қоры туралы және оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылады деп күтілуде. Заң жобасы жәбірленушілерге қылмыстық құқық бұзушылықтардан келтірілген зиянды өтеу саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Сонымен бірге, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Ресеймен Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарайды. Хаттаманың мақсаты Байқоңыр қаласында тіркелген салық төлеушілерге қосарланған жанама салықтар салу мәселелерін реттеу.
Бюро отырысында қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жаңғырту деген тақырыпта парламенттік тыңдау өткізу мәселесі талқыланды.
(Зәмеш Кеңесқызы - 74-63-02. ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі